Басты бет
·
Теннис

Наоми Осака Токиодағы турнирден шығып қалды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Жапониялық теннисші Наоми Осака Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA-500 турнирінің екінші айналымында словакиялық Миа Поганковаға есе жіберіп, жекелей сындағы жарысты аяқтады.

Токио (Жапония). WTA-500. Жекелей сындағы жарыс. Екінші айналым

Наоми Осака (Жапония) – Миа Поганкова (Словакия) – 3:6, 5:7.

Әлемдік рейтингте 144-орында тұрған Поганкова 18-орындағы қарсыласын 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Негізгі кезеңге арнайы шақырту арқылы қатысқан 18 жастағы словакиялық теннисші мансабындағы маңызды жеңістердің біріне қол жеткізді. Ал Осака – «Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін чемпионы.

Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Поганкова алты эйс жасап, бір қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Осака үш эйс жасап, үш рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ қарсыласының доп беру кезіндегі үш мүмкіндігінің біреуін ғана пайдаланды.

Бірінші айналымда Поганкова чехиялық Тереза Валентованы 6:1, 6:4 есебімен жеңген еді. Ал Осака жарысты италиялық Жасмин Паолиниден 6:3, 7:6 (7:4) есебімен басым түсіп бастаған болатын.

Ширек финалда Миа Поганкова америкалық Алисия Паркспен (WTA рейтингінде 65-орын) кездеседі.

Айта кетейік, Токиодағы турнир 26 қазан мен 1 қараша аралығында ашық хард корттарында өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы – швейцариялық Белинда Бенчич. Наоми Осака бұл турнирде 2019 жылы топ жарған.

Наоми Осака Токиодағы турнирден шығып қалды – sport-hub