Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирде Диана Шнайдермен кездеседі

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирде үшінші матчын өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Диана Шнайдер.
Төртінші айналым матчы 19 тамызда өтеді. Кездесу Астана уақытымен 23:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясы Winline платформасында қолжетімді болады. Кездесуді көру үшін сайтта тіркелу қажет.
Қазіргі таңда Рыбакина WTA рейтингінде екінші орында тұр. Ал Шнайдер әлемнің 14-ракеткасы атанып отыр. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда польшалық Магдалена Фрешті 6:4, 7:6 есебімен жеңсе, Диана Шнайдер әлемнің 23-ракеткасы Майя Хвалиньсканы 6:2, 7:6 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Рыбакина мен Шнайдер бұған дейін бір рет кездескен. Биыл сәуір айында қазақстандық теннисші Штутгартта өткен WTA-500 турнирінің екінші айналымында ресейлік спортшыны 6:3, 6:4 есебімен жеңген.
Матч жеңімпазы турнирдің ширек финалына жолдама алып, Ига Швёнтек (Польша) – Диан Парри (Франция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.