Эмболо Алжирді жеңген Швейцария құрамасының ойынына пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Швейцария ұлттық құрамасының шабуылшысы Брель Эмболо 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Алжирді (2:0) жеңген матч туралы өз ойын айтты.

Форвард сондай-ақ команданың 1/8 финалға шыққаннан кейінгі әсерімен бөлісті.

«Ең бастысы – жеңіс. Мен бұған дейін де сәттерді тиімді пайдалану қаншалықты маңызды екенін айтқанмын. Ойынның басында бізге қиын болды, бірақ кейін керемет командалық гол соқтық. Маған тек команданың еңбегін қорытындылау ғана қалды.

Алжир кездесуді жақсы бастады, бірақ біз ойынды қалай бақылауда ұстағанымыз үшін, әсіресе екінші таймды қалай бастағанымыз үшін командамызды құттықтаймын. Алжир мықты қарсылас, және біз тек жеңіске ғана емес, сондай-ақ қақпамызды гол жібермей сақтап қалғанымызға да қуаныштымыз», – деп Эмболоның сөзін ФИФА келтіреді.

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Швейцария құрамасы Колумбия – Гана жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.