Эмилиано Мартинес финалда сейвтер бойынша рекорд орнатты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: sofascore

Фото: sofascore

Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинес 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық матчында сейвтер саны бойынша рекорд орнатты.

Мундиаль финалы Испания құрамасының Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңуімен аяқталды. Жалғыз голды 102-минутта Ферран Торрес соқты.

Ойын барысында испандықтар қарсылас қақпасына 20 соққы жасап, оның 12-сі қақпаға дәл бағытталды. Мартинес сол соққылардың 11-ін қайтарып, әлем чемпионаты финалдары тарихындағы сейвтер саны бойынша жаңа рекорд орнатты.

Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатында Эмилиано Мартинес турнирдің үздік қақпашысы атанып, «Алтын қолғап» жүлдесін жеңіп алған болатын. Ал осы жолғы турнирде бұл марапат Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симонға берілді.