Энцо Фернандес әлем чемпионатының финалынан кейін жанкүйерлерге үндеу жасады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AFA

Фото: AFA

Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін жанкүйерлерге алғыс білдірді.

Финалда Аргентина құрамасы қосымша уақытта Испанияға 0:1 есебімен есе жіберді. Кездесудің екінші қосымша уақытына берілген үшінші минутта Энцо Фернандес екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

«Осы жылдар бойы бұл команда Аргентинаның намысын ең жоғары деңгейде қорғап келді. Біз күрес дегеннің тек жеңіс емес, осы жейде үшін бар күшіңді салу және ешқашан берілмеу екенін көрсеттік. Соңына дейін шайқасып, осы түстерді мақтанышпен, қарапайымдылықпен және жан-тәнімен қорғаған команданың бір бөлігі болу – мен үшін үлкен мәртебе.

Барлық аргентиналық жанкүйерге алғыс айтқым келеді. Әр матчта бізді қолдап, сүйіспеншіліктеріңізді білдіріп, әлемнің қай түкпірінде болсақ та өзімізді үйдегідей сезіндіргендеріңіз үшін рақмет. Ұлттық құрама сапында өнер көрсету – менің мансабымдағы ең үлкен мәртебе. Сондықтан осы жейдені киген сайын барымды салуды жалғастырамын», – деп жазды Фернандес әлеуметтік желідегі парақшасында.

2026 жылғы әлем чемпионатында Энцо Фернандес жеті матч өткізіп, Мысыр (3:2) және Англияға (2:1) қарсы кездесулерде екі голдың авторы атанды.

Энцо Фернандес әлем чемпионатының финалынан кейін жанкүйерлерге үндеу жасады – sport-hub