Басты бет
·
Теннис

Эррани мен Паолини WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына жеңіліссіз шықты

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде жұптық сындағы жартылай финалға шыққан тағы екі теннисші анықталды.

Италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолини №2 топтағы барлық кездесуінде жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Топтық кезеңнің соңғы матчында италиялық жұп нидерландылық Деми Схурс пен австралиялық Эллен Переске қарсы ойнады. Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде Эррани мен Паолини екі сетте басым түсті – 6:3, 6:4.

Алғашқы партияда италиялық теннисшілер қарсыластарының геймінде жеңіске жетіп, сол басымдықты сет соңына дейін сақтады. Екінші сетте есеп 4:4 болғанға дейін тартысты ойын өрбіді. Алайда шешуші екі геймде Эррани мен Паолини жеңіске жетті.

WTA қорытынды турнирі. Жұптық сайыс. Топтық кезең:

Сара Эррани / Жасмин Паолини – Деми Схурс / Эллен Перес – 6:3, 6:4.

Осылайша, италиялық жұп топтық кезеңді бірде-бір жеңіліссіз аяқтап, жартылай финалға шықты.

Бұған дейін чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсенд те үздік төрттікке жолдама алған болатын. Олар Кристина Букша мен Николь Меликар-Мартинес жұбын қарсыластарының матчты жалғастырудан бас тартуына байланысты жеңген еді.