Басты бет
·
Теннис

Жібек Құламбаева Колумбиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
ҚТФ

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева словениялық Вероника Эрьявецпен бірге Колумбияның Сопо қаласында өтіп жатқан WTA-125 турнирінің жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда қазақстандық-словениялық жұп Аустралия өкілдері Теника Макгиффин мен Александра Осборнды екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Құламбаева мен Эрьявец алғашқы партиядан бастап басымдықты өз қолына алып, қарсыластарына ойын барысын өзгертуге мүмкіндік бермеді. Екінші сетте де олар аустралиялық теннисшілерге небәрі екі гейм беріп, кездесуді сенімді аяқтады.

Енді жартылай финалда Жібек Құламбаева мен Вероника Эрьявец екінші нөмірмен тіркелген америкалық Рашида Макаду және Анна Роджерспен кездеседі.

АҚШ өкілдері ширек финалда бельгиялық София Костулас пен америкалық Аллура Замаррипаны 1:6, 6:4, 10:5 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Колумбиядағы WTA-125 турнирі 9–14 қараша аралығында ашық грунт корттарда өтіп жатыр. Жұптық сынға сегіз команда қатысуда. Жарыстың жалпы жүлде қоры 115 мың долларды құрайды.

WTA-125. Сопо (Колумбия). Жұптық сын. Ширек финал

Жібек Құламбаева (Қазақстан) / Вероника Эрьявец (Словения) – Теника Макгиффин (Аустралия) / Александра Осборн (Аустралия) – 6:2, 6:2.