«Фенербахче» командасының үздік сұрмергендерінің бірімен күтпеген жерден қоштасты

«Фенербахче» ФК
«Фенербахче» мен Андерсон Талиска келісімшартты ұзартқаннан кейін жеті ай өткен соң өзара келісім бойынша ынтымақтастықты мерзімінен бұрын тоқтатты.
Ыстамбұлдық клуб шабуылдағы жартылай қорғаушымен келісімшарттың екі тараптың ортақ келісімі негізінде бұзылғанын мәлімдеді. Талиска «Фенербахчеге» 2025 жылдың қаңтарында Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубынан ауысқан болатын.
Бразилиялық футболшы «Фенербахче» сапында барлығы 75 матч өткізіп, 44 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.
Ақпан айында клуб Талискамен келісімшартты 2028 жылға дейін ұзартқан еді. Алайда араға жеті ай салып, тараптар ынтымақтастықты тоқтатты. Футболшы әр жылдары Бразилияның «Баия», Португалияның «Бенфика» және Қытайдың «Гуанчжоу» клубтарында да өнер көрсеткен.
Осы маусымда Талиска 7 матч өткізіп, 5 гол соқты. Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, бразилиялық ойыншының келесі клубы Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Джазирасы» болуы мүмкін. Футболшы аталған командамен екі жылдық келісімшарт бойынша келісімге келген.