Ферапонтов биылғы ҚПЛ маусымындағы «Қайсардың» алғашқы жеңісіне пікір білдірді

Фото: «Оқжетпес» ФК
Қызылордалық «Қайсар» клубының бас бапкері Андрей Ферапонтов Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры аясында «Тобылды» 2:1 есебімен жеңгесін, матчқа қатысты өз пікірін айтты.
«Баршаңызды көптен күткен жеңіспен құттықтаймын. Біз бұған ұзақ уақыт бойы келдік, бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бүгін өте мықты қарсыласқа қарсы ойнадық — ойыны қалыптасқан команда, олар турнирлік кестеде өз орындарында тұрған жоқ деп ойлаймын. Өте жақсы футболшылар, өте білікті бапкерлер штабы бар. Оларға қарсы дайындалу қиын болды — допқа иелік еткенді жақсы көретін команда. Біз мұны түсіндік, футболшылар деңгейін ескердік. Қазақстанда мұндай стильдегі командалар өте аз — комбинациялық футбол ойнап, позициялық шабуыл ұйымдастыратындар сирек. Сондықтан біздің тығыз кестемізді естен шығармай, екінші нөмірмен ойнап, қарсыласты бос аймақта қарымта шабуылмен қалтарыста қалдыру керек болды.
Ең бастысы — шыдау, күту, өз сәтіңді пайдалану және қарсы шабуыл көрсету. Біз айтылған жоспарды бірінші таймда жақсы орындадық, қорғаныстан шабуылға бірнеше рет сәтті шықтық. Оған қоса Мозестің жеке шеберлігі мен Әбікеннің сенімді ойыны көмектесті. Бүгін ешкімді жеке бөліп айтқым келмейді, өйткені команда толықтай біртұтас ұжым ретінде көрінді. Барлығын құттықтап, футболшыларыма мінезі мен шыдамы және жанкештілігі үшін алғыс айтқым келеді. Бұл — толықтай лайықты жеңіс», — деді Ферапонтов.
Он турдан кейін «Қайсар» тоғыз ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде 12-орынға көтерілді. Ал «Тобыл» сегіз ұпаймен 14-орында тұр.
«Дала қасқырлары» келесі ойынын 23 мамыр күні Алматылық «Қайратқа» қарсы қонақта өткізеді.