ФИФА Паредестің әлем чемпионаты финалынан кейін алған қызыл қағазының күшін жойды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: X_@TouchlineX

Фото: X_@TouchlineX

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испанияға қарсы матчтан (0:1) кейін Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Леандро Паредес алған қызыл қағаздың күшін жойды.

BBC Sport журналисі Дэйл Джонсонның мәліметінше, ФИФА аргентиналық футболшыға көрсетілген қызыл қағазды жою туралы шешім қабылдаған. Соған сәйкес, Паредеске ешқандай тәртіптік жаза қолданылмайды.

Еске салайық, финалдық матч аяқталғаннан кейін Паредес әуелі Испания қорғаушысы Эрик Гарсияның мойнынан ұстап, кейін жанжалға араласуға тырысқан жартылай қорғаушы Гавимен қақтығысқа түскен болатын.

Өткен әлем чемпионатында Леандро Паредес жеті матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ. Жалпы Аргентина құрамасы сапында ол 84 ойын өткізіп, бес гол соғып, жеті нәтижелі пас берген.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп, 20 шілдеде аяқталды.

ФИФА Паредестің әлем чемпионаты финалынан кейін алған қызыл қағазының күшін жойды – sport-hub