«Филадельфия» ҰХЛ матчында «Баффалоны» жеңді

Фото: ХК «Филадельфия Флайерз»
«Филадельфия Флайерз» Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) тұрақты чемпионатында «Баффало Сэйбрзді» 4:3 есебімен жеңді.
Кездесудің алғашқы минутында Маттиас Самуэльссон есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. Екінші кезеңде Джейми Драйсдейл таразы басын теңестіргенімен, Тейдж Томпсон «Баффалоны» қайта алға шығарды. Үзіліске дейін Оуэн Типпетт есепті 2:2-ге жеткізді.
Үшінші кезеңнің басында Трэвис Санхайм «Филадельфияны» алғаш рет алға шығарды. Алайда Иржи Кулих есепті теңестірді. Араға небәрі 52 секунд салып, Кристиан Дворак жеңіс шайбасын соқты.
«Филадельфия» шабуылшысы Матвей Мичков екі нәтижелі пас беріп, ұпай жинаған матчтар сериясын бес кездесуге жеткізді. Осы аралықта ол бір шайба соғып, бес нәтижелі пас берген.
ҰХЛ. Тұрақты чемпионат
«Филадельфия Флайерз» – «Баффало Сэйбрз» – 4:3
Шайбалар: Драйсдейл (27), Типпетт (35), Санхайм (41), Дворак (46) – Самуэльссон (1), Томпсон (31), Кулих (45).
«Филадельфия» келесі кездесуін 20 қарашада «Оттава Сенаторзға» қарсы өткізеді. Ал «Баффало» сол күні «Вашингтон Кэпиталзбен» кездеседі.