Франция құрамасымен әлем чемпионы болған футболшы Сауд Арабиясы клубына ауысуға жақын

Бегасыл Амирбай ··
«Бетис» ФК

«Бетис» ФК

Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Набиль Фекир мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін. 33 жастағы футболшы жоғары дивизионға көтерілген «Абха» клубымен келісімге келген.

Footmercato мәліметінше, келіссөздер соңғы кезеңге жеткен. Тараптарға келісімшартқа қол қою алдында бірнеше ұсақ мәселені ғана шешу қалған.

Қазіргі уақытта 33 жастағы ойыншы еркін агент мәртебесінде. Ол БАӘ чемпионатында өнер көрсететін «Аль-Джазирадан» кеткеннен кейін клубсыз қалған еді. Өткен маусымда Фекир 9 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Бұған дейін француз футболшысы «Лион» және «Бетис» клубтарында ойнаған.

Франция ұлттық құрамасы сапында Набиль Фекир 25 матч өткізіп, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас жасаған. 2018 жылы ол ұлттық құрама құрамында әлем чемпионы атанды.

Франция құрамасымен әлем чемпионы болған футболшы Сауд Арабиясы клубына ауысуға жақын – sport-hub