Франция – Сенегал матчын қайдан көруге болады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: DeFodi / ICON SPORT

Фото: DeFodi / ICON SPORT

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Сенегалға қарсы өткізеді.

І тобының бірінші турындағы кездесу 17 маусым күні Нью-Джерсидегі «Мидоулэндс» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен қатар кездесудің ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live режимінде бақылауға болады.

Франция мен Сенегал арасындағы соңғы кездесу 2002 жылғы әлем чемпионатында өткен. Ол кезде Сенегал құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 құрама қатысуда.

Франция – Сенегал матчын қайдан көруге болады – sport-hub