Гринвудтың «Ромаға» ауысуы қиындай түсті

Фото: Лига 1
Францияның «Марсель» клубында өнер көрсететін шабуылшы Мэйсон Гринвудтың Италияның «Рома» командасына ауысымы кеш орын алуы мүмкін.
Италиялық БАҚ мәліметінше, римдік клуб қаржылық фэйр-плей талаптарын орындау үшін маусым айының соңына дейін ойыншыларын сатып, шамамен 50 миллион еуро табыс табуы қажет. Осыдан кейін ғана «Рома» ағылшын футболшысының трансферін рәсімдей алады.
Өз кезегінде «Марсель» Гринвуд үшін 50-55 миллион еуро көлемінде өтемақы алуды көздеп отыр. Футболшының өзі «Ромаға» ауысуға қарсы емес және жылына шамамен 5 миллион еуро жалақы алатын жеке келісімшарт бойынша алдын ала келісімге келген.
Өткен маусымда Гринвуд «Марсель» сапында барлық турнирде 36 матч өткізіп, 22 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, Мэйсон Гринвуд кәсіби мансабын «Манчестер Юнайтедте» бастаған. Кейін жеке өміріне қатысты дау-дамайдан соң клубтан кетіп, әуелі Испанияның «Хетафесінде» жалға ойнады. Одан кейін «Марсель» оны 26 миллион еуроға сатып алған болатын.