Фриц US Open турнирін сенімді жеңіспен бастады

Фото: x_@atptour
Әлемнің 10-ракеткасы Тейлор Фриц отандасы Дарвин Бланшты (ATP рейтингінде 245-орын) жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті.
Кездесу 6:3, 6:2, 6:4 есебімен аяқталып, 1 сағат 42 минутқа созылды. Бұған дейін теннисшілер өзара кездеспеген.
Фриц 14 эйс жасап, бір қосарланған қателік жіберді және 16 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал Бланш бір эйс орындап, тоғыз рет қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының добын алуға берілген екі мүмкіндіктің ешқайсысын пайдалана алмады.
Екінші айналымда америкалық теннисші әлемнің 95-ракеткасы Маттиа Беллуччимен кездеседі. Итальяндық теннисші турнирдің алғашқы айналымында Жомбор Пирошты 6:4, 6:2, 6:0 есебімен жеңді. Фриц пен Беллуччи бұған дейін бір рет кездескен. Маусым айында америкалық теннисші Штутгарттағы турнирдің ширек финалында итальяндықты 5:7, 7:5, 7:5 есебімен жеңген.
US Open турнирінің қазіргі чемпионы — 2025 жылғы финалда Янник Синнерді жеңген Карлос Алькарас. Биылғы жарыс 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді.