Лоренцо Музетти Уимблдонның жартылай финалисін US Open турнирінде жеңді

Фото: x_@atptour
Әлемнің 14-ракеткасы Лоренцо Музетти британдық Артур Фериді (ATP рейтингінде 33-орын) жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті.
Матч 6:3, 6:3, 7:5 есебімен аяқталып, 2 сағат 10 минутқа созылды. Бұған дейін теннисшілер өзара кездескен жоқ.
Музетти жеті эйс жасап, төрт қосарланған қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Ал Фери бірде-бір эйс жасамай, бес рет қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының добын алуға берілген алты мүмкіндіктің екеуін пайдаланды.
Айта кетейік, өткен маусымда Музетти US Open турнирінің ширек финалына дейін жеткен. Ал Фери 2026 жылы Уимблдонның жартылай финалисі атанды. Нью-Йорктегі турнир басталар алдында британдық теннисші Уинстон-Сейлемдегі жарыстың финалына дейін жеткен.
Екінші айналымда итальяндық теннисші әлемнің 123-ракеткасы Дэйн Суинимен кездеседі. Бұған дейін теннисшілер өзара ойнамаған. Австралиялық теннисші Корентен Мутені жеңді. Француз спортшы есеп 7:6 (7:4), 6:4, 0:3 болып тұрған кезде матчты жалғастырудан бас тартты.
US Open турнирінің қазіргі чемпионы — 2025 жылғы финалда Янник Синнерді жеңген Карлос Алькарас. Биылғы жарыс 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді.