Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің жартылай финалына өтті
Бөлісу

Фото: IJF
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при кезеңінің жартылай финалына шықты.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ширек финалда әзербайжандық Руслан Пашаевты жеңді.
Финалға шығу үшін қазақстандық спортшы 21 жастағы бразилиялық Роналду Лимамен белдеседі.
Айта кетейік, Циндаодағы Гран-при олимпиадалық іріктеу ұпайлары берілетін рейтингтік турнир.
Еске салайық, жарыс 26–28 маусым аралығында Қытайда өтуде. Бұл турнирге Қазақстан құрамасынан 19 спортшы қатысуда.