Илия Топурия Джош Хокитпен болған жанжалдың себебін түсіндірді

Фото: UFC
Илия Топурия UFC турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында америкалық ауыр салмақтағы файтер Джош Хокитпен болған жанжалы туралы пікір білдірді.
Чемпионның айтуынша, оның ашулануына Хокиттің Алекс Перейраның отбасына бағыттай айтқан сөздері себеп болған.
«Хокиттің сөздері шектен шықты. Басқа файтердің шеберлігі туралы айтуға болады, бір-біріңді қағытып та алуға болады, бұл қалыпты нәрсе. Біз бұған үйренгенбіз. Бірақ біреудің анасы туралы олай айтуға болмайды. Менің қаным басыма шапты. Бізге миллиондаған адам қарап отыр, мұндай сөзді қалай айтуға болады? Оған ол жерде күзетшілердің көп болғаны көмек болды. Әйтпесе, біреуіміз сол жерден міндетті түрде сабалып шығар едік, және ол мен болмас едім», — деді Топурия.
Топурияның аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабында 17 жеңісі бар және әлі жеңіліп көрмеген.
Жекпе-жек шебері UFC ұйымында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және қазір жартылай жеңіл салмақтағы чемпион атағына ие.
Илия Топурия келесі жекпе-жегін америкалық файтер Джастин Гейджиге қарсы UFC White House турнирінде өткізеді.
Турнир 14 маусым күні Вашингтондағы президент «Ақ үйінің» алаңында өтеді.