Иордания – Алжир матчының негізгі құрамдары белгілі болды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: JFA

Фото: JFA

23 маусымда 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының J тобындағы екінші тур аясында Иордания мен Алжир құрамалары кездеседі.

Ойын Санта-Клара қаласындағы «Сан-Франциско Бэй Эриа» стадионында өтеді. Кездесудің басталуы – Қазақстан уақытымен 08:00.

Иордания құрамасының негізгі құрамы:
Язид Абу Лайла, Абдалла Насиб, Хусам Абудахаб, Язан Аларб, Эхсан Хаддад, Нур Әл-Рауабдех, Моханнад Абутаха, Низар Әл-Рашдан, Али Олван, Мұса Әл-Тамари, Махмуд Әл-Марди.

Алжир құрамасының негізгі құрамы:
Лука Зидан, Айсса Манди, Райан Айт-Нури, Рафик Белгали, Рами Бенсебаини, Рамиз Зерруки, Фарес Шаиби, Хишам Будауи, Ибрагим Маза, Рияд Махрез, Амин Гуири.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.