Ирак – Норвегия матчының үздік ойыншысы анықталды

Фото: ФИФА
Эрлинг Холанд 2026 жылғы әлем чемпионатындағы I тобының алғашқы турында өткен Ирак құрамасы – Норвегия құрамасы матчындағы ең үздік ойыншы атанды.
Норвегия құрамасы бұл ойында 4:1 есебімен жеңіске жетті. Холанд дубль авторы атанып, команданың негізгі жеңіс кілті болды. Матч қорытындысы бойынша ФИФА оған ойынның үздік футболшысы марапатын табыстады.
25 жастағы шабуылшы үшін бұл әлем чемпионаттарындағы алғашқы ойын болды. Сонымен қатар, Норвегия құрамасы 1998 жылдан бері алғаш рет әлем біріншілігінде өнер көрсетіп отыр.
Ойыннан кейін I тобында Норвегия мен Франция құрамасы үш ұпайдан жинап, доп айырмасы арқылы норвегиялықтар бірінші орынға көтерілді. Ирак құрамасы әзірге соңғы орында.
Екінші турда 23 маусым күні Норвегия Сенегалға қарсы ойнайды, ал Ирак Франциямен кездеседі.