Месси Клозенің әлем чемпионаттарындағы голдар рекордын қайталады
Бөлісу

Фото: AFA
Лионель Месси әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Мирослав Клозе рекордын қайталады.
Аргентина құрамасы мен Алжир құрамасы арасындағы матчта хет-трик жасағаннан кейін Мессидің әлем чемпионаттарындағы гол саны 16-ға жетті.
Осылайша, 38 жастағы аргентиналық шабуылшы бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша жалғыз көш бастаған Клоземен теңесті.
Рейтингте үшінші орында 15 голмен бразилиялық Роналдо тұр. Төртінші орынға Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе көтерілді, ол 14 гол соғып, неміс аңызы Герд Мюллердің көрсеткішін қайталады.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.