Холанд Иракқа қарсы матчтан кейінгі әсерімен бөлісті

Фото: ФИФА
Эрлинг Холанд Норвегия құрамасының Ирак құрамасы командасын 4:1 есебімен жеңген матчынан кейін өз пікірін білдірді. Шабуылшы бұл ойында дубль авторы атанып, Норвегия құрамасы командасының I тобында көш бастауына көмектесті.
Матчтан кейін Холанд өз ойын да, команданың турнирдегі бастамасын да жоғары бағалады.
«Бірінші голым жақсы болды, екіншісі одан да әдемі шықты. Бұл керемет сезім, осындай тамаша бастама үшін барлығымызды мақтан тұтамын. Дегенмен, алдағы ойындардың бұдан да қиын болатынын білеміз, сондықтан одан да жақсы ойнауымыз керек. Бізден жеңіс күтті, бақытымызға орай, жеңдік. Енді Норвегиядағы жанкүйерлер қуанып, мерекелейді деп үміттенемін!» – деді Холанд.
Бірінші турдан кейін I тобында Норвегия мен Франция құрамалары үш ұпайдан жинады. Доп айырмасы бойынша норвегиялықтар бірінші орында тұр. Сенегал үшінші орынға жайғасса, Ирак тобының соңында келеді.
Еске сала кетейік, екінші турда 23 маусым күні Норвегия Сенегалмен кездеседі, ал Ирак Францияға қарсы ойнайды.