Ирак ұлттық құрамасының бапкері Норвегиядан жеңілгеннен кейін пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Ирак ұлттық құрамасының бас бапкері Грэм Арнольд 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы турында Норвегиядан (1:4) жеңілген матчқа пікір білдірді.

Ирак құрамасының жаттықтырушысы топтық кезеңдегі қалған ойындарда сәтті өнер көрсетуге әлі де үміт артатынын айтты.

«Тыңдаңыздар, келесі кезеңге шығу үшін үш ұпай жеткілікті, ал бізде әлі екі ойын бар. Кей кездері ойын тамаша өтті, бірақ бірнеше қателік бізге қатты зиянын тигізді», – деді Арнольд FIFA ресми сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, бірінші турдан кейін Ирак құрамасы I тобында соңғы орында тұр. Норвегия көш бастап тұр, Франция екінші орында, ал Сенегал үшінші сатыда.

Екінші турда 23 маусым күні Ирак Франция құрамасымен кездеседі.

Ирак ұлттық құрамасының бапкері Норвегиядан жеңілгеннен кейін пікір білдірді – sport-hub