Ислам Сәтпаев Азия ойындарының финалына шықты

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Ислам Сәтпаев Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында медаль үшін күресті жалғастырады. Қазақстандық спортшы 50 метр қашықтықтан винтовкамен үш позицияда ату сайысының іріктеу кезеңінен сәтті өтті.
Сәтпаев іріктеу кезеңін 584 ұпаймен аяқтап, финалға жолдама алған спортшылардың қатарына енді. Константин Малиновский финалға шыға алмады. Ол 583 ұпаймен 13-орынға тұрақтады. Ал Никита Шахторин 579 ұпай жинап, 20-орын алды.
Қазақстанның үш спортшысының жалпы нәтижесі 1746 ұпайды құрады. Бұл командалық есепте бесінші орын алуға жеткізді. Алтын жүлдені Қытай, күмісті Үндістан, қоланы Оңтүстік Корея құрамасы жеңіп алды.
Айта кетейік, Сәтпаев үшін бұл сайыс 2026 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатынан жақсы таныс. Ол сол кезде де үш позицияда ату бойынша финалға шығып, 309,7 ұпаймен алтыншы орын алған. Ал Қазақстан құрамасы командалық есепте қола жүлдеге ие болған.
Сол Азия чемпионатында Сәтпаев 50 метр қашықтықтан кіші калибрлі винтовкамен жатып ату сайысында алтын медаль жеңіп алса, Шахторин күміс жүлдегер атанды. Бұған дейін Сәтпаев 2024 жылғы Париж Олимпиадасында қола медаль иеленген.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.