Исмаэль Коненің ӘЧ-да алған жарақатының мән-жайы белгілі болды

Бегасыл Амирбай ··
Исмаэль Коненің ӘЧ-да алған жарақатының мән-жайы белгілі болды

Канада құрамасының жартылай қорғаушысы Исмаэль Коне 2026 жылғы әлем чемпионатында Қатарға қарсы матчта ауыр жарақат алды. Футболшы шамамен бес айға дейін алаңнан тыс қалады.

Фабрицио Романо мәліметінше, Конеде асықты жілік пен шыбық сүйектің сынуы анықталған. Қазіргі уақытта канадалық ойыншы ауруханада, оның жанында алдағы операция алдында қолдау көрсетіп жүрген анасы бар. Осы жарақатқа байланысты ол үшін әлем чемпионаты аяқталды.

Коне жарақатты екінші турда Қатарға қарсы матчтың 55-минутында Ассим Мадибомен қақтығыс кезінде алған. Канадалық ойыншы алаңнан зембілмен шығарылды, ал Қатар құрамасының футболшысы тікелей қызыл карточка алып, алаңнан қуылды. Ойыннан кейін Мадибо Конеға кешірім сұрау үшін киім ауыстыратын бөлмеге барған.

Екі турдан кейін Канада құрамасы төрт ұпаймен В тобында көш бастап тұр. Швейцария да төрт ұпай жинап, екінші орында келеді, ал Босния және Герцеговина мен Қатар құрамаларында бір ұпайдан бар.

Соңғы турда Канада Швейцариямен кездеседі, ал Босния құрамасы Қатарға қарсы ойнайды.