Испания құрамасының ойыншыларына 153 келі қызанақ табысталды

Фото: x_@w_a_v_i
Испания құрамасының жартылай қорғаушылары Фабиан Руис пен Гави әлем чемпионатындағы жеңістен кейін 153 келі қызанақпен марапатталды.
Әлем чемпионатындағы жеңістен соң Лос-Паласьос-и-Вильяфранка қаласында жергілікті түлектер Фабиан Руис пен Гавиге арналған құрмет көрсету рәсімі өтті.
Ежелден келе жатқан дәстүрге сәйкес, әрбір әлем чемпионына өзінің салмағына тең мөлшерде қызанақ беріледі. Нәтижесінде Гави 68,5 келі, ал Фабиан Руис 84,5 келі қызанақ алды. Жалпы сыйлықтың салмағы 153 келіні құрады.
Бұл дәстүр 2010 жылғы әлем чемпионатынан кейін бастау алған. Сол кезде осы қаланың тағы бір тумасы Хесус Навас Испания құрамасы сапында әлем чемпионы атанған болатын.
Сонымен қатар қала билігі Фабиан Руис пен Гавидің құрметіне футбол алаңдарына олардың есімін беріп, Лос-Паласьос-и-Вильяфранкадан шыққан үш чемпионға ескерткіш орнататынын мәлімдеді.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания Аргентинаны 1:0 есебімен жеңген еді.