Канада мен АҚШ 2026 ӘЧ-ні бастайды: 13 маусым матчтарының кестесі

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FIFA

Фото: FIFA

SPORTHUB 13 маусым күні өтетін 2026 жылғы әлем чемпионаты матчтарының кестесін ұсынады.

Алдымен алаңға Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары шығады, одан кейін АҚШ пен Парагвай ойнайды. Ойын күнінің алғашқы матчы Торонто қаласындағы «БМО Филд» стадионында өтеді. Екінші кездесу Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында болады.

13 маусым

00:00 – Канада – Босния және Герцеговина

06:00 – АҚШ – Парагвай

B тобы

Канада құрамасы

ФИФА рейтингіндегі орны: 30

Әлем чемпионаттарындағы ең үздік нәтижесі: топтық кезең (1986 ӘЧ, 2022 ӘЧ)

Бас бапкері: Джесси Марш (АҚШ)

Босния және Герцеговина құрамасы

ФИФА рейтингіндегі орны: 64

Әлем чемпионаттарындағы ең үздік нәтижесі: топтық кезең (2014 ӘЧ)

Бас бапкері: Сергей Барбарез

D тобы

АҚШ құрамасы

ФИФА рейтингіндегі орны: 17

Әлем чемпионаттарындағы ең үздік нәтижесі: ширек финал (2002 ӘЧ)

Бас бапкері: Маурисио Почеттино (Аргентина)

Парагвай құрамасы

ФИФА рейтингіндегі орны: 41

Әлем чемпионаттарындағы ең үздік нәтижесі: ширек финал (2010 ӘЧ)

Бас бапкері: Густаво Альфаро (Аргентина)