Канада құрамасының бас бапкері жеңістен кейінгі эмоциялық сөзін түсіндірді

Фото: CFF
Канада ұлттық құрамасының бас бапкері Джесси Марш 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Оңтүстік Африка Республикасы құрамасына қарсы (1:0) жеңістен кейін алаңда айтқан эмоциялық сөзіне түсініктеме берді.
Маман матч аяқталған соң неге ойыншыларды алаңда шеңберге жинағанын түсіндірді.
«Кейбір адамдар мұндай әрекеттерді көзбояушылық деп санайды. Бірақ маған олардың пікірі маңызды емес. Мен үшін ең маңыздысы біздің команда және бірге атқарып жатқан жұмысымыз. Ойын аяқталғаннан кейін ойыншыларды бірден журналистер қоршап алады, сондықтан бұл — бәріміз бірге бола алатын жалғыз сәт.
Мен әрдайым сөзді команда көшбасшыларына беруге тырысамын, өйткені бұл олардың ұлттық құрамасы. Бірақ мен оларға осы сәттің Канада футболы үшін қаншалықты маңызды екенін айтқым келді. Бұл команданың бапкері болу — мен үшін үлкен мәртебе, ал олардың алдындағы жауапкершілік мені күн сайын алға жетелейді», – деді Марш.