ОАР бапкері Канададан жеңілгеннен кейін пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: SAFA

Фото: SAFA

Оңтүстік Африка Республикасы құрамасының бас бапкері Уго Броос 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Канададан 0:1 есебімен жеңілген матчты қорытындылады.

Бұл кездесудегі жалғыз гол екінші таймның қосымша уақытының екінші минутында соғылды. Гол авторы Канада құрамасының жартылай қорғаушысы Стефен Эуштакиу.

«Мен әлі де командама мақтанамын. Менің ойымша, біз жақсы әлем чемпионатын өткіздік, бірақ мұндай жылдам әрі мықты командаға қарсы үнемі қуып жетуге тура келді. Бұдан сабақ алу керек. Сондықтан да команда үшін бұл турнирге қатысу маңызды болды. Алдағы айларда құраманың күшейетініне сенімдімін, өйткені бүгін біз өзімізден бір қадам алда тұрған қарсыласпен кездестік. Біз жаман ойнаған жоқпыз және бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге болатын еді», – деп келтіреді Броостың сөзін BBC.

Айта кетейік, әлем чемпионатының 1/8 финалында Канада құрамасы Нидерланд – Марокко жұбының жеңімпазымен кездеседі. Матч 30 маусымда өтеді.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады. Турнир тарихында алғаш рет 48 құрама қатысуда.

ОАР бапкері Канададан жеңілгеннен кейін пікір білдірді – sport-hub