ОАР – Канада матчындағы үздік ойыншы анықталды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Канада құрамасының жартылай қорғаушысы Стефен Эуштакиу 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы ОАР-ға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Америкалық «Лос-Анджелес» клубының футболшысы кездесудегі жалғыз әрі жеңіс әкелген голды соғып, Канадаға мундиальдың 1/8 финалына шығуға көмектесті. Келесі кезеңде канадалықтар Нидерланд пен Марокко арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Ойын 30 маусымда өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Канада төрт ұпаймен B тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыққан еді. ОАР да төрт ұпай жинап, A тобында екінші орынмен 1/16 финалға жолдама алды.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.