Каземиро МЛС-та Мессимен бірге мансабын жалғастырады
Бөлісу

Фото: Getty Images
«Манчестер Юнайтедтің» бразилиялық жартылай қорғаушысы Каземиро «Интер Майамиге» ауысуға жақын.
TEAMtalk мәліметінше, 34 жастағы бразилиялық ойыншы америкалық клубпен келісімшарт шарттарын келісіп қойған және мансабын МЛС-та жалғастырады. Футболшы АҚШ клубына ауысу үшін Еуропа, Сауд Арабиясы, Катар және Бразилия клубтарының ұсыныстарынан бас тартқан.
Каземиро үшін басты факторлардың бірі — Лионель Месси, Серхио Бускетс және Луис Суареспен бірге ойнау мүмкіндігі болды. Сондай-ақ бразилиялық «Лос-Анджелес Гэлакси» нұсқасынан да бас тартқан.
Каземиро «Манчестер Юнайтедте» төрт маусым өнер көрсетті. Жалпы алғанда манкуниандықтар сапында ол 160 матч өткізіп, барлық турнирде 26 гол соқты және 14 нәтижелі пас берді.