Коболли Поды жеңіп, Цинциннатидегі «Мастерс» турнирінде алғаш рет жартылай финалға шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@atptour

Фото: x_@atptour

Әлемнің оныншы ракеткасы Флавио Коболли америкалық Томми Поды жеңіп, мансабында алғаш рет «Мастерс» сериясындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Цинциннатиде өткен ширек финалдық кездесу 2:6, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Коболли алғашқы сетте жеңіліп қалғанымен, кейінгі екі партияда басым түсіп, жартылай финалға шықты. Осы матчты қоса есептегенде, италиялық теннисші америкалық қарсыласымен өткізген үш кездесудің барлығында жеңіске жетті.

Пол 12 эйс жасап, үш рет қосарланған қателік жіберді және төрт брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Ал Коболли 10 рет эйс орындап, бір қосарланған қателікке жол берді және сегіз брейк мүмкіндігінің екеуін жүзеге асырды.

Финалға шығу үшін италиялық теннисші француз Артюр Фиспен (ATP рейтингінде 21-орын) кездеседі. Фис ширек финалда аргентиналық Тьяго Агустин Тирантеді 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Фис пен Коболли бұған дейін екі рет кездескен, екі матчта да француз теннисшісі жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, өткен маусымда Коболли Цинциннати турниріндегі өнерін екінші айналымда аяқтап, француз Теренс Атманға есе жіберген. Фис те турнирге қатысуы керек болған, алайда екінші айналымдағы матчына дейін жарыстан бас тартқан.