Коубек Оңтүстік Кореядан жеңілгеннен кейін матчқа баға берді

Фото: FAČR
Чехия құрамасының бас бапкері Мирослав Коубек 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы турында Оңтүстік Кореядан 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін ойын туралы пікірін білдірді.
Чех футболшылары кездесуде Ладислав Крейчийдің голының арқасында есеп ашқанымен, екінші таймда екі гол жіберіп алып, ұпайсыз қалды.
«Ойыншылардың алаңдағы көзқарасы мен жанкештілігіне келетін болсақ, осындай мықты қарсыласқа қарсы матчтан кейін менде өте жақсы әсер қалды. Команданы мақтауға толық негіз бар. Өкінішке қарай, көрсеткен ойынымыз жеңіспен ақталмады. Сонымен қатар болмашы офсайдқа байланысты бір голымыз есепке алынбады. Сондықтан шешуші сәттерде сәл ғана сәттілік жетіспеген шығар.
Әрине, бұл ұпайларды жоғалту біз үшін үлкен қиындық туғызады. Әлем чемпионатын ұпаймен бастағымыз келді. Сондықтан бұл нәтиже көңілімізді түсіріп отыр. Себебі біз ұпай алуға мүмкіндік жасадық. Тіпті алуға тиіс едік», – деді Коубек.
Бірінші турдан кейін Оңтүстік Корея үш ұпаймен А тобында екінші орында тұр. Чехия құрамасы әзірге ұпай жинай алмай, үшінші сатыға жайғасқан.
Топ көшбасшысы алғашқы турда Оңтүстік Африка Республикасын 2:0 есебімен жеңген Мексика құрамасы.