Лаутаро Мартинес әлем чемпионатынан кейін жанкүйерлерге үндеу жасады

Фото: instagram_lautaromatinez
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лаутаро Мартинес 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін жанкүйерлерге арнап әсерлі жазба жариялады.
Финалда Аргентина құрамасы Испанияға қосымша уақытта 0:1 есебімен есе жіберді. Кездесудегі жалғыз голды 102-минутта Ферран Торрес соқты.
«Біз барымызды салдық. Қатарынан екінші әлем чемпионатында финалға шықтық, бірақ бұл жолы жеңіске жете алмадық. Аргентиналық екенімді мақтан тұтамын. Кеше алаңда командама көмектескім келді, бірақ жағдай солай болды. Осы әлем чемпионаты бойы бізді қолдап, мыңдаған шақырымды артқа тастап жанымыздан табылған барлық жанкүйерге және еліміздің түкпір-түкпірінен бізге қолдау көрсеткен барша адамға алғыс айтамын», – деп жазды Мартинес Instagram парақшасында.
2026 жылғы әлем чемпионатында Лаутаро Мартинес жеті матчқа қатысып, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп, турнир 20 шілдеде өз мәресіне жетті.