Лионель Скалони Мессидің хет-тригіне қатысты пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AFA

Фото: AFA

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони Алжирді 3:0 есебімен жеңгеннен кейін матчта Лионель Месси ойынына қатысты пікір айтты.

Әлем чемпионы атанып отырған құраманың бапкері капитанның өнерін сипаттауға сөз таппайтынын мойындады.

«Мессиді сипаттауға сөзім жоқ. Ол 20 жылдан бері бізді осындай сәттерге үйретіп келеді және оның ойынын көрген әр адамды шабыттандырады. Біз әр матчқа жеке-жеке қараймыз. Команда риза, көптеген футболшыға ойын уақытын бердік. Келесі ойында жеңіске жетеміз деп үміттенемін, сонда топтық кезеңнің үшінші матчында барлық ойыншыларға мүмкіндік бере аламыз», – деді Скалони ФИФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.

Мессидің хет-тригі арқасында Аргентина құрамасы титулын қорғауды сенімді жеңіспен бастап, J тобында көш бастады. Команданың келесі матчы 22 маусым күні Австрияға қарсы өтеді.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.

Лионель Скалони Мессидің хет-тригіне қатысты пікір білдірді – sport-hub