Месси Алжирге қарсы матчтан кейін хет-трикке қатысты пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AFA

Фото: AFA

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатындағы Алжирге қарсы матчтан кейін (3:0) хет-трикке қатысты пікір білдірді.

Матчта үш доп соққан Месси ойыннан әлі де үлкен ләззат алатынын айтты.

«Мен футбол ойнағанды жақсы көремін. Бұл бала кезімнен бергі құмарлығым. Дене жағдайым жақсы болса, мен алаңда 100% күшімді саламын», – деді ол инсайдер Фабрицио Романоға берген сұхбатында.

Еске салайық, Алжирге қарсы ойында Месси 17, 60 және 76-минуттарда гол соғып, әлем чемпионаттарындағы алғашқы хет-тригін жасады. Осы нәтижемен ол мундиальдардағы гол саны бойынша Мирослав Клозенің рекордын қайталады, енді оның еншісінде 16 гол бар.

Месси Алжирге қарсы матчтан кейін хет-трикке қатысты пікір білдірді – sport-hub