Лука Модрич «Реалға» қайта оралуы мүмкін
Бөлісу

Фото: УЕФА
Хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модрич мадридтік «Реалға» қайта оралуы ықтимал, деп хабарлайды Tuttosport.
40 жастағы футболшы «Милан» клубы Чемпиондар лигасына жолдамасыз қалғаннан кейін командадан кетуді жоспарлап отыр. Ал «Реалда» Модричке мансабын аяқтаған соң клуб құрылымында қызмет ұсыну нұсқасы қарастырылуда.
Мадридтік клуб хорватиялық футболшыға жаңа бас бапкердің штабында орын беруге дайын. Сонымен қатар әкімшілік қызметтердің бірінде жұмыс істеу мүмкіндігі де талқыланып жатыр.
Лука Модрич «Реал» сапында 2012 жылдан 2025 жылға дейін өнер көрсетті. Өткен маусымда хорватиялық жартылай қорғаушы «Миланмен» бірге А Сериясында 34 матч өткізіп, екі гол соқты және төрт нәтижелі пас орындады.