Мак Аллистердің әкесі «Реалға» ауысу туралы қауесеттерді жоққа шығарды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AFA

Фото: AFA

Алексис Мак Аллистердің әкесі Карлос ұлының "Реал Мадрид" клубына ауысуы туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін испандық БАҚ Мак Аллистер мен оның өкілдері мадридтік клубқа өз қызметін ұсынғанын хабарлаған еді. Алайда футболшының әкесі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Біз “Реал Мадридтің” ешбір өкілімен сөйлескен жоқпыз. Келіссөздер жүріп жатыр деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деді Карлос Мак Аллистер 365Scores басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол ұлының Ливерпуль клубымен келісімшарты әлі екі жылға созылатынын атап өтті.

«Мак Аллистердің “Ливерпульмен” келісімшарты тағы екі жылға жарамды. Қазір ол әлем чемпионатынан кейін бірнеше күн демалып, кейін Англияға оралып, Премьер-лиганың жаңа маусымына дайындықты бастайды», – деп қосты ол.

Айта кетейік, Мак Аллистер 2026 жылғы Футболдан әлем чемпионаты 2026 турнирінде Аргентина құрамасы сапында негізгі ойыншылардың бірі болды. Ол команданың сегіз ойынының жетеуіне қатысып, Швейцарияға қарсы ширек финалда (3:1) гол соқты және Кабо-Вердемен кездесуде (3:2) нәтижелі пас берді.

Аргентина финалға дейін жетіп, шешуші матчта Испания құрама командасына 0:1 есебімен жол берді.