Макгрегор Махачевті Гэрридің қалай нокаутқа түсіре алатынын айтты

Фото: x_@MMAPropagande
UFC-тің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор UFC 330 турниріндегі Ислам Махачев пен Иэн Мачадо Гэрридің чемпиондық жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты.
Макгрегор өзінің отандасын қолдап, Гэрридің физикалық тұрғыдағы артықшылығына назар аударды. Ирландиялық спортшы Махачевтен 13 сантиметрге ұзын және қолының құлашы бойынша да басымдыққа ие.
«Мен Гэрриге сенемін. Оның жеңіске жету үшін қажетінің бәрі бар. Ол ұзын бойлы, қолы да ұзын, сондықтан қауіпсіз қашықтықты сақтай алады. Махачевке жартылай орта салмақтағы күшін әлі дәлелдеуі керек. Жекпе-жек қалай аяқталады деп ойлаймын? Оң аяқпен төбеге бағытталған хай-кик және ирландиялық бразилиялықтың жеңісі», – деді Макгрегор әлеуметтік желіде.
Махачев UFC-тің жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғауға 28 жеңіс және 1 жеңіліс көрсеткішімен шығады. Гэрри 17 жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. Оның мансабындағы жалғыз жеңілісі қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жекте тіркелген.
Еске салайық, Махачев пен Гэрридің жекпе-жегі 16 тамызда Филадельфиядағы Xfinity Mobile Arena аренасында өтетін UFC 330 турнирінің басты айқасы болады.