Макгрегор мен Холлоуэй UFC 329 алдындағы көз түйістіру рәсімінде эмоцияға ерік берді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: x_ufc

Фото: x_ufc

Конор Макгрегор мен Макс Холлоуэй Лас-Вегаста өтетін UFC 329 турнирі алдындағы ресми баспасөз мәслихатынан кейін алғаш рет бетпе-бет кездесті.

Журналистермен кездесуден соң ирландиялық және америкалық файтер дәстүрлі көз түйістіру рәсіміне қатысты. Алайда қос спортшы эмоциясын тежей алмай, өзара қақтығысқа ұмтылды. Салдарынан оларды арнайы қызмет өкілдері ажыратуға мәжбүр болды.

Макгрегор үшін алдағы жекпе-жек соңғы бес жылдағы алғашқы ресми кездесуі болмақ. Холлоуэймен реванш жартылай орта салмақта өтеді. Ирландиялық файтердің еншісінде 22 жеңіс пен 6 жеңіліс болса, америкалықтың көрсеткіші – 27 жеңіс және 9 жеңіліс.

Еске салайық, Макгрегор мен Холлоуэй алғаш рет 2013 жылдың тамыз айында кездескен. Ол кезде Конор Макгрегор төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен еді. Қос файтердің екінші жекпе-жегі 12 шілде күні таңертең Қазақстан уақытымен өтеді.

Макгрегор мен Холлоуэй UFC 329 алдындағы көз түйістіру рәсімінде эмоцияға ерік берді – sport-hub