Басты бет
·
Футбол

«Манчестер Сити» пенальтилер сериясында «Брайтонды» жеңіп, ширек финалға шықты

Бекарыс Әлімхан··
«Манчестер Сити» ФК

«Манчестер Сити» ФК

«Манчестер Сити» Англия лигасы кубогының 1/8 финалында «Брайтонды» пенальтилер сериясында 4:3 есебімен жеңді. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды.

Англия. Лига кубогы. 1/8 финал

«Манчестер Сити» – «Брайтон» – 2:2 (пенальтиден 4:3)

Голдар: Ковачич, 40, Витор Рейс, 72 – Ялькуе, 30, Рюттер, 47.

Матч Манчестердегі «Этихад» стадионында өтті. Қонақтар екі рет есепте алға шыққанымен, алаң иелері таразы басын теңестіріп, ақыры ширек финалға жолдама алды.

30-минутта Жоржиньо Рюттердің пасынан кейін Малик Ялькуе есеп ашты. Арада он минут өткенде Фил Фоденнің пасын қабылдаған Матео Ковачич айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, есепті теңестірді.

Екінші таймның басында «Брайтон» қайтадан алға шықты. 47-минутта Жауэн Хаджамның пасын пайдаланған Рюттер гол соқты. Ал 72-минутта Райан Шеркидің айып добын орындауынан кейін Витор Рейс допты қақпаға бағыттап, есепті 2:2-ге жеткізді. Бұл бразилиялық қорғаушының ағылшын клубы сапындағы алғашқы голы болды.

Жеңімпаз пенальтилер сериясында анықталды. «Брайтон» қақпашысы Джейсон Стил Ковачичтің соққысын қайтарды. Алайда «Манчестер Ситидің» қақпашысы Херонимо Рульи Ясин Аяри мен Льюис Данктің пенальтилеріне тосқауыл болды. Шешуші соққыны Райан Шерки сәтті орындап, командасына 4:3 есебімен жеңіс сыйлады.

Осылайша, Англия лигасы кубогының қазіргі иегері ширек финалға шықты. Келесі кезеңде «Манчестер Сити» Англияның үшінші дивизионында өнер көрсететін «Брэдфорд Ситимен» кездеседі. Ширек финал ойындары желтоқсан айында өтеді.