Басты бет
·
АО-2026

Мейржан Шермаханбет Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Арлан Олжабай

Фото: Арлан Олжабай

Мейржан Шермаханбет 2026 жылғы Азия ойындарында грек-рим күресінен қола жүлдеге ие болды.

67 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан моңғолиялық Намсрай Батбаярмен кездесті. Шермаханбет қарсыласын 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, жарысты қола медальмен аяқтады.

Қазақстандық балуан жарыстың ширек финалында оңтүстіккореялық Хан Джэ Чонды 5:4 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда жапониялық Кётаро Согабэден 0:8 есебімен ұтылып, қола жүлде үшін белдесуге жолдама алды.

Айта кетейік, бұл — Мейржан Шермаханбеттің Азия ойындарындағы екінші медалі. Ол Ханчжоуда өткен 2022 жылғы Азия ойындарында финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде жапониялық балуаннан жеңіліп, күміс жүлдегер атанған.

2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанда аяқталады.