Басты бет
·
АО-2026

Меруерт Сарсенова Азия ойындарында бесінші орын алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Сали Сабиров

Фото: Сали Сабиров

Меруерт Сарсенова 2026 жылғы Азия ойындарында дзюдодан жүлдеге бір қадам қалғанда тоқтады.

52 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесуде қазақстандық дзюдошы жапониялық Кокоро Фудзисиродан жеңілді. Негізгі уақыт нәтижесіз аяқталып, қосымша уақытта Фудзисиро жеңіс әкелген әдіс орындады.

Осылайша, Сарсенова Азия ойындарында бесінші орын иеленді.

Бұл Меруерт Сарсенованың 2026 жылғы ірі халықаралық жарыстардағы екінші бесінші нәтижесі. Мамыр айында Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде де ол қола жүлде үшін белдесуге дейін жетіп, Лилия Нугаевадан жеңілген еді.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанда аяқталады.