Мексика – Оңтүстік Корея матчының үздік ойыншысы анықталды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Мексика құрамасының қорғаушысы Луис Ромо 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Оңтүстік Кореяға қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды.

«Гвадалахара» клубының футболшысы кездесудегі жалғыз голды соғып, өз командасына 1:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті. Осы нәтижеден кейін Мексика құрамасы мерзімінен бұрын әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Екі турдан кейін Мексика алты ұпаймен А тобында көш бастап, плей-оффқа шықты. Оңтүстік Корея үш ұпаймен екінші орында, ал Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасында бір ұпайдан бар.

Еске сала кетейік, топтық кезеңнің соңғы турында Мексика Чехиямен кездессе, Оңтүстік Корея құрамасы ОАР-ға қарсы ойнайды.