Мохамед Салах Жаңа Зеландияға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Мысыр құрамасының шабуылшысы Moхамед Салах 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің екінші турында Жаңа Зеландияға қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды.

Тәжірибелі футболшы кездесуде бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Соның арқасында Мысыр құрамасы қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Бұл жеңіс мысырлықтардың әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы жеңісі болды.

Еске салайық, екі турдан кейін Мысыр құрамасы төрт ұпаймен G тобында көш бастап тұр. Иран мен Бельгияның еншісінде екі ұпайдан болса, Жаңа Зеландия бір ұпаймен соңғы орында келеді.

Топтық кезеңнің соңғы турында Мысыр Иранмен кездеседі, ал Жаңа Зеландия Бельгиямен ойнайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтуде.