Мысыр құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатында жеңіске жетті

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Мысыр құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Жаңа Зеландияны жеңіп, өз тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Топтық кезеңнің екінші турында Хоссам Хассан жаттықтыратын команда Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл нәтиже мысырлықтар үшін әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы жеңіс болды.

Осы турнирге дейін Мысыр құрамасы әлем чемпионатына үш рет қатысып, бірде-бір матчта жеңіске жете алмаған еді. Енді команданың еншісінде 1 жеңіс, 3 тең ойын және 5 жеңіліс бар.

Еске салайық, екі турдан кейін Мысыр құрамасы төрт ұпаймен G тобында көш бастап тұр. Иран мен Бельгия екі ұпайдан жинаса, Жаңа Зеландия бір ұпаймен соңғы орында келеді.

Топтық кезеңнің соңғы турында Мысыр Иранмен кездеседі, ал Жаңа Зеландия Бельгияға қарсы алаңға шығады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтуде.

Мысыр құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатында жеңіске жетті – sport-hub