Монфис US Open турнирін жеңіспен бастады

Фото: x_@atptour
Әлемнің 311-ракеткасы Гаэль Монфис парагвайлық Адольфо Даниэль Вальехоны (ATP рейтингінде 60-орын) жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті.
Кездесу 2:6, 6:1, 6:2, 6:0 есебімен аяқталып, 2 сағат 24 минутқа созылды. Бұған дейін теннисшілер өзара кездеспеген.
Монфис төрт эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді және 20 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Ал Вальехо үш эйс орындап, бес рет қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының добын алуға берілген алты мүмкіндіктің екеуін пайдаланды.
Екінші айналымда француз теннисшісі әлемнің 15-ракеткасы Лёнер Тьенмен кездеседі. Бұған дейінгі өзара кездесулер есебі америкалық теннисшінің пайдасына 1:0. 2026 жылдың тамызында Тьен Монреальдағы ATP-1000 турнирінің екінші айналымында Монфисті 6:3, 0:6, 6:3 есебімен жеңген.
Айта кетейік, Монфис Вальехомен кездесуді өзінің 40 жасқа толған күнінде өткізді. Француз теннисшісі US Open турниріне 18-рет қатысып отыр және осы маусым аяқталған соң мансабын аяқтайды. Оның Нью-Йорктегі ең үздік нәтижесі — 2016 жылы жартылай финалға дейін жетуі.
US Open турнирінің қазіргі чемпионы — 2025 жылғы финалда Янник Синнерді жеңген Карлос Алькарас. Биылғы жарыс 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді.