Басты бет
·
Теннис

Наоми Осака Паолиниді жеңіп, WTA-500 турнирінің екінші кезеңіне шықты

Али Асетов··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Жапониялық теннисші Наоми Осака Токиода өтіп жатқан WTA-500 санатындағы үй турнирін жеңіспен бастады. Ол алғашқы айналымда италиялық Жасмин Паолиниден басым түсті.

Әлемнің 18-ракеткасы қарсыласына бірде-бір сетте жеңіске жетуге мүмкіндік бермеді. Кездесу екі партияға созылып, 6:3, 7:6 (7:4) есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 38 минут өткізді.

Алғашқы сетте Осака басымдық танытып, сенімді жеңіске жетті. Екінші партияда Паолини қарсылық көрсеткенімен, тай-брейкте жапониялық теннисші шешуші сәттерде дәл ойнап, келесі кезеңге жолдама алды.

Токио. WTA-500. Әйелдер. 1/16 финал

Наоми Осака (Жапония) – Жасмин Паолини (Италия) – 6:3, 7:6 (7:4).