Наталья Богданова Азия ойындарының жартылай финалына шықты

ҚР ҰОК
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова 2026 жылғы Азия ойындарында 75 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалда ол Өзбекстан өкілі Азиза Зокированы төрешілердің бөлінген шешімімен 4:1 есебімен жеңді. Осылайша Богданова кем дегенде қола жүлдеге кепілдік берді.
Жартылай финалда қазақстандық боксшы Үндістан өкілі Ловлина Боргохаин мен Оңтүстік Корея спортшысы Сон Су Ён арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Бұл Богданованың 75 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы ірі жарысы. Ол бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, 2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Ал Ханчжоудағы алдыңғы Азиадада 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болған.