Басты бет
·
АО-2026

Қазақстандық садақшылар Азиадада 1/8 финалда жеңілді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Андрей Тютюн мен Дильмұхамед Муса Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азиада ойындарында құрама садақ атудан жекелей сында жарысты аяқтады.

1/8 финалда Тютюн Вьетнам өкілі Данг Конг Дукке 146:148 есебімен жол берді. Ал Муса Қытай спортшысы Ляо Цзяхаодан бір ұпай айырмашылығымен (145:146) жеңілді.

Тютюн мен Муса — Қазақстанның құрама садақ атудан жетекші спортшыларының қатарында. 2025 жылы олар Бунед Мирзаметовпен бірге Азия чемпионатының командалық жарысында жеңімпаз атанып, финалда Үндістан құрамасын 230:229 есебімен ұтқан.

Еске салайық, 2026 жылғы Азиада ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Қазақстандық садақшылар Азиадада 1/8 финалда жеңілді – sport-hub